1,8 миллион оқушы су үнемдеуге бағытталған ашық сабақтарға қатысты

Бұл бастаманы Су ресурстары және ирригация министрлігі көтеріп, Оқу-ағарту министрлігі қолдау білдірді.
Қазақстанда «Суды үнемде – болашақты сақта» атты республикалық акция аясында мектептерде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар өтуде, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бүгінге дейін еліміздің түкпір-түкпірінен 1,8 миллионнан астам оқушы аталған сабақтарға қатысып үлгерді.