Жаңалықтар

1 ақпаннан бастап фермерлер субсидияға өтінім бере алады

1 ақпаннан бастап фермерлер субсидияға өтінім бере алады

«Агрөнеркәсіп кешенін субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» фермерлерге субсидияға өтінім ресімдеу үшін балама ретінде әзірленді. Өтінімді бірыңғай gosagro.kz веб-порталында беруге болады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметі хабарлады. Субсидиялаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі бюджеттің болуына қарамастан өтінімге реттік нөмір бере отырып, «күту парағы» қағидаты бойынша жұмыс істейді. «Күту парағына» келіп түскен өтінім мақұлданған болып есептеледі және тек тиісті қаржыландыруды күтеді. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 1 ақпанында басталады.