
1 қазанда тұмауға қарсы вакциналау басталады
Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрқан Сәдуақасов эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы қаулыға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, 2023 жылғы 1 қазанда республикада халыққа тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады.
Сондай-ақ құжатта мынадай шаралар көзделген:
медициналық ұйымдардың кіреберісінде "сүзгілердің" жұмысын қамтамасыз ету, маскаларды пайдалану, антисептиктер қою;
ЖРВИ, тұмау белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға үйге шақыру бойынша бірінші кезекте қызмет көрсету;
мектепке дейінгі балалар ұйымдарында күнделікті таңертеңгі сүзгі жүргізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды оқшаулау;
мектептерде бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныпта 20-дан 30%-ға дейінгі оқушылар ЖРВИ-мен ауырса, жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесінен бас тарту, күнтізбелік он күн ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салу ұсынылады;
бір инкубациялық кезең ішінде оқушылардың 30%-і және одан көп ауырса, олар онлайн оқытуға ауыстырылады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстанда "Камызяки" тобының концерті болмайды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Ақтөбе облысында алты баланың әкесі бала құтқарам деп көз жұмды
- авторАрайлы Жақсылық
- 20 маусым, 2025