бейсенбі, 23 қаңтар, 2025 19:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1 келі картоп 130 теңге: Таразда арзан картопты қайдан алуға болады?

1 келі картоп 130 теңге: Таразда арзан картопты қайдан алуға болады?
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Қазіргі кезде 800 тонна картопқа тауарлық интервенция жүргізу бойынша тапсырма берілді

Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша «Тараз» ӘКК, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бірлескен күш-жігерімен жүйелі негізде кешенді жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Тұрақтандыру қоры халықты қол жетімді көкөністермен қамтамасыз ете отырып, жыл бойы тауарлық интервенция жүргізеді.

Қазіргі уақытта әлеуметтік дүкендерде картоп жеткілікті мөлшерде және нарықтық бағадан төмен.

Маусымаралық кезеңде 3 050 тонна картопқа форвардтық келісімшарттар дер кезінде жасалды.

Тараз қаласының аумағындағы сауда нүктелеріне 800 тонна картопқа тауарлық интервенция жүргізу бойынша тапсырма берілді.

Тараз қаласындағы әлеуметтік дүкендерге, 64 сауда орнына барлығы 82,8 тонна картоп белгіленген бағамен килограммы 130 теңгеден жеткізілді. Оның ішінде «Вкусная Корзинка», «Нұрислам», «Фиркан» дүкендері бар.

– Әлеуметтік базардан картоп, пияз, жұмыртқа және басқа да өнімдерді қолжетімді бағамен сатып аламыз, — дейді Тараз қаласының тұрғыны Бибіхадиша Отарова.

– Картоп 130 теңгеден, сәбіз 90 теңгеден – әлеуметтік дүкенде сізге қажет тауарды үнемі төмен бағада таба аласыз, — деп атап өтті Нұрсұлтан Батырбаев.

– «Тараз» ӘКК бізге көкөністерді тұрақты түрде жеткізеді. Жақында 1 килограмы 130 теңге болатын картоп алдық. Тұрғындар тауардың сапасына риза, — дейді әлеуметтік дүкеннің сатушысы  Асыл Жалынбет.

Мұнда күніне әр сатушыдан 3-4 қап картоп сатып алынады.

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Әлеуметтік азық-түлік өнімдеріне заңда белгіленген сауда үстемесінің асып кету фактілері бойынша кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Базарларда және өзге де сауда нүктелерінде картоп 300 теңгеден жоғары саудалануда.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар