дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 12:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1 миллион 114 мың теңгенің алтыны мен ақша ұрлаған тараздық ұсталды

1 миллион 114 мың теңгенің алтыны мен ақша ұрлаған тараздық ұсталды
ашық дереккөзі
1 миллион 114 мың теңгенің алтыны мен ақша ұрлаған тараздық ұсталды
Полицияның 102 арнасына Тараз қаласының тұрғыны үйінен алтын заттарының және ақшалай қаражаттарын ұрланғанын хабарлады. Белгісіз адам оның үйіне жатын бөлменің терезесі арқылы еніп, 129 000 теңге ақшасын және түрлі алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге жалпы көлемі 1 млн 114 мың теңге көлемінде шығын келтірілген. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция қызметкерлерімен бұрын сотты болған 30 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу әрекеттері жалғасуда.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар