1 млн 200 мың теңге жалақыға көлік жүргізушісі табылмай жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 24 сәуір, 2024
- 4.6k
Кәсіпкерлер 1 миллион екі жүз мың теңге жалақы беруге әзір, бірақ соның өзіне адам жоқ -деп хабарлайды jambylinfo.kz astanatv.kz-ке сілтеме жасап.
Елімізде 13 мың 500 шетел азаматы еңбек етеді. Оның 4300-ге жуығы құрылыс саласында, 1629-ы әкімшілік және көмекші қызметте, бір жарым мыңға жуығы (1 482-сі) ауыл, орман және балық шаруашылығында, 1 285-і тау – кен өнеркәсібі және карьерлерде, мыңнан астам адам (1 248-і) өңдеу өнеркәсібінде, 797 адам кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте нәпақа тауып жүр. Еңбек мигранттарының дені-Қытай азаматтары. Аспан асты елінен 4011 адам келген. Өзбекстаннан – 1 577 адам, Үндістаннан – 1 187, Түркиядан – 1 058 адам. Жыл сайын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетел мамандарын тартуға квота бөледі. Биыл 22 мың адамға келуге рұқсат берілген.
"Қазақстан өзінің еңбек нарығын қатты қорғайтын мемлекеттер қатарына кіреді. Себебі, бізде квота деген мәселе бар.13 мың жұмыс күші тым аз. Жоғары біліктілігі бар адамдар эксплат деп оталады. 4 мың, 3 мың адамдай осы эксплаттар. Және олардың келуі экономикаға тиімді, мультипликативті әсерін береді. Қалғандары мигранттар болуы мүмкін. Мигранттарды неге шақырады? Қазақстандықтар бара бермейтін жұмысқа олар келіседі", -дейді экономист Айбар Олжай.
Екі қолға бір күрек таппай жүрген отандастарымыздың құлағына алтын сырға. Алматы, Астана, Орал және Қостанай секілді ірі қалаларда көлік жүргізушілері тапшы. Жалақысы 500 мыңнан миллион екі жүз мың теңгеге дейін барады.
Сондай-ақ жүк көлігі мен такси жүргізушілеріне бос вакансиялар бар. Биыл бұл мамандыққа сұраныс 58 пайызға артқан. Жалақы да 25 процентке көбейді. Орташа айлық -250 мың мен 317 мыңның арасы. Кәсіби маманды көбіне компаниялар іздейді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз