Жаңалықтар

1 млрд теңге жинаған: Қаржы пирамидасының маңғыстаулық бөлімше басшысы ұсталды

Қылмыстық іс сотқа жіберілді

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті өңірде «Sax Invest» қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған тұлғалар тобына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

4 жылда «Sax Invest» қаржы пирамидасына 1 мыңнан астам салымшы 1 млрд теңгеден астам қаражат аударған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәлімдеуінше, компания тіркеуден өтпеген және қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы жоқ. Соған қарамастан компания брокерлік қызмет көрсетеді, бағалы қағаздар нарығындағы сауда жасайды және Анголадағы алмаз өндіру жобасына инвестиция жасады деп тұрғындарды сендірген. 

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы С.Меңдіғалиевке халықаралық іздеу жарияланған