Жаңалықтар

1 шілдеден бастап елімізде темекі қымбаттайды

1 шілдеден бастап елімізде темекі қымбаттайды

Қаржы министрінің өкімімен 20 дана фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төменгі бөлшек сауда баға мынадай мөлшерде бекітілді: • 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 710 теңге; • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге. Қазір темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 650 теңгені құрайды.