Жаңалықтар

“1 стақаны 20 мың теңге”: Тараз тұрғыны Үнді қарасорасын сатумен айналысқан

“1 стақаны 20 мың теңге”: Тараз тұрғыны Үнді қарасорасын сатумен айналысқан

Тараз тұрғыны Үнді қарасорасын бақшасына егіп, бір стақанын 20 мың теңгеден сатқан, – деп хабарлайды Жамбылинфо Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Таразда полиция қызметкерлері есірткі сатқаны үшін 35 жастағы тұрғынды ұстады. Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2023-2025 жылдарға арналған есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрестің кешенді жоспарын орындау мақсатында “Қарасора – 2023” ЖПІШ шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде сарайдан өсімдік тектес кептірілген заттары бар пакеттер және бақшасынан ерекше иісі бар жасыл түсті 10 түп өсімдік табылды. Сараптама қорытындыларына сәйкес, зерттеуге ұсынылған өсімдіктер қарасора есірткісі, ал қолдануға дайын кептірілген зат – жалпы салмағы 1,7 келі болатын марихуана болып шықты. Сондай-ақ 16 калибрлі 4 патрон тәркіленді. Ер адам Үнді қарасорасын бақшасына егіп, бір стақанын 20 мың теңгеге сатқан.