1 қыркүйектен бастап 10-11 сынып оқушылары мектепте де, колледжде де оқи алады
1 қыркүйектен бастап 10-11 сынып оқушылары мектепте де, колледжде де оқи алады
Білім беру саласында тағы бір жаңашылдық. 1 қыркүйектен бастап 10-11 сынып оқушылары мектепте де, колледжде де оқи алады. Бұл ұсынысты экс-министр Асхат Аймағамбетов енгізген. Енді жоба пилоттық режимде іске қосылды. Түске дейін мектепте сабақ оқып жүрген оқушы түстен кейін кәсіби білім беретін арнайы оқу орнында білім алуына құқылы. Оқушы мамандықты да өзі таңдайды. Бұл бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі. Колледждерде қосымша білім алатын бала саны 15-тен аспауы керек. Жұмысшы мамандығын алған әрбір шәкірт кәсіптік-техникалық оқыту ұйымының дипломын алып шығады.