1 қыркүйектен бастап электр энергиясына тариф қымбаттайды
1 қыркүйектен бастап электр энергиясына тариф қымбаттайды
Асхат Жапсарбай айтқандай, 1 шілдеден бастап Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға үстемеақы енгізді. Бұл ретте ЖЭК үстемесін ескере отырып, энергия өндіруші ұйымдар тарифтерінің өсуі орта есеппен 7,2%-ды, соңғы тұтынушы үшін электр энергиясы бағасының болжамды өсуі 3,5%-ды құрады. Бұл әзірге болжам. Сондай-ақ 1 шілдеден бастап тауарлық газға көтерме бағалардың ел бойынша орта есеппен 10%-ға ұлғаюына және жекелеген өңірлерде тауарлық газды тасымалдау тарифтерінің өзгеруіне байланысты 2021 жылғы 1 шілдеден бастап түпкілікті тұтынушылар үшін тауарлық газ бағасының өсуі шамамен 6% - ды құрады, - деді ол. Ол атағандай, өндіруші ұйымдарға тарифтердің көтерілуі тұтынушыларға орташа есеппен 7,2 пайызға өсуіне алып келуі мүмкін. Өңір бойынша бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін. Әртараптандыруды жүзеге асырып жатырмыз. Халықтың топтарына бұл қатты әсер етпеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз, - деді ол.