Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап студенттер қанша шәкіртақы алады

1 қыркүйектен бастап студенттер қанша шәкіртақы алады

Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген мемлекеттік стипендияларды тағайындау жөніндегі Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап бірқатар студенттердің стипендиясы артуы мүмкін: 🔹педагогикалық бағыттарда және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, студенттерге – 41 898 теңге; 🔹педагогикалық бағыттарда білім алатын студенттерге – 67 200 теңге; 🔹«Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге; 🔹интерндерге – 75 890 теңге; 🔹магистранттарға – 97 024 теңге; 🔹«Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымында білім алатын магистранттарға – 181 250 теңге); 🔹докторанттарға – 217 500 теңге; 🔹«Денсаулық сақтау» бағыты бойынша докторанттарға – 217 500 теңге; 🔹«Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге; 🔹техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге; 🔹техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 31 422 теңге. Қаулы жобасы 12 маусымға дейін көпшілік талқылауына ұсынылады.