сәрсенбі, 6 қараша, 2024 0:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1 қыркүйектен мысық пен итті есепке қойып, чиптеу міндетті болады

1 қыркүйектен мысық пен итті есепке қойып, чиптеу міндетті болады
ашық дереккөзі
1 қыркүйектен мысық пен итті есепке қойып, чиптеу міндетті болады
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына сәйкес, биыл 1 қыркүйектен бастап мысықтар мен иттерге чип тағу және оларды арнайы есепке қою міндетті болады, деп хабарлайды Жамбылинфо Қазақпарат-қа сілтеме жасап. Ал үй жануарларының басқа түрлерін, яғни егеуқұйрық, хомяк немесе мини-пигтерді (ергежейлі үй шошқасы – автор түсіндірмесі) есепке алу ерікті негізде жүргізіледі. Қазақстандықтар үшін электрондық жүйеге жануарлары туралы ақпаратты енгізу – тегін. Дегенмен чип тағу үшін мысық пен ит иелері өз қалтасынан ақша төлеуі тиіс. Оны өтеуге мүмкіндігі жоқ әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қызмет түрі тегін болмақ. Еnergyprom.kz порталының ақпаратына сай, еліміздің ірі қалаларында мысықтар мен иттерге чип тағу қызметінің бағасы 3,5-8 мың теңге аралығында.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар