Жаңалықтар

10 ҚАЗАН – ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАРЫ КҮНІ

10 ҚАЗАН – ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАРЫ КҮНІ

10 қазанда Қазақстанда кәсіподақтар күні аталып өтеді. Тәуелсіздік алғалы еліміздің кәсіподақтар федерациясы қарапайым жұмысшылардың құқығы үшін күресетін күшті әрі тәуелсіз ұйымға айналды. Кәсіподақтың басты міндеті – әлеуметтік-еңбек саласындағы кәсіподақ мүшелерінің мүддесі мен құқығын қорғау. Сондай-ақ, кәсіподақ мүшелерінің өмір сүру сапасын жақсарту. Федерация басшысы орынбасарының айтуынша, қазақстандықтар кәсіподақ ұйымдарына көбінесе еңбекақыны уақытылы төлемеу және жұмыс беруші тарапынан алдау мәселелері бойынша жүгінетінін атап өтті. Оның айтуынша, аталған мәселе көбіне еңбек шартының болмауынан туындайды. Сондықтан кәсіподақтар федерациясы жалдамалы жұмысшылардың құқығын барынша қорғауға тырысады. «Жұмыстан шығуға қатысты көптеген сұрақ туындайды. Жұмыс беруші өз еркімен қызметкерді жұмыстан шығаруға құқығы жоқ. Бұл жерде нақты себептер болуы керек. Кейде қатардағы қызметкерді жұмыстан шығару қалыпты болып көрінеді, өйткені бұл бизнес. Дегенмен, бұл заңға қайшы келеді. Яғни заңнамалық нормаларды сақтау керек. Жұмысшылардың еңбек құқығын қорғау мақсатында біздің кәсіподақтар федерациясы барлық облыс әкімдіктерімен келісімдерге қол қойды. Келісім өте маңызды. Себебі оған сүйене отырып, барлық кәсіпорынның ұжымдық шарттары жасалады. Бүгінде біз барлық мүдделі органмен нәтижелі қарым-қатынас орнаттық», - деді Нұрлан Өтешев.