Жаңалықтар

"100 медиативті мектеп" жобасы аясында жаңа қадам жасалды

The final spritzer

Семинар барысында жанжалдардың негізгі себептері мен оларды шешудің тиімді жолдары талқыланып, мектептерде медиативті тәсілдерді қолданудың маңызы ерекше атап өтілді

Бүгін білім беру саласындағы маңызды мәселе – жанжалды жағдайларды реттеу және алдын алу бойынша облыстық семинар өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

"Білім беру ортасындағы жанжалды қатынастардың себептері, шешу стратегиясы, алдын алу әдістері" тақырыбында өткен жиынға облыстық білім басқармасының мамандары, білім беру ұйымдарының директор орынбасарлары, аудандық сот өкілдері, билер кеңесінің төрағалары, Ішкі істер бөлімінің басшылығы, сондай-ақ психологтар, медиаторлар және білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.

Семинар барысында жанжалдардың негізгі себептері мен оларды шешудің тиімді жолдары талқыланып, мектептерде медиативті тәсілдерді қолданудың маңызы ерекше атап өтілді.

Бұл шара аясында Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектеп-лицейінде "Мектеп медиациясы" кабинеті ашылды. Бұл кабинет оқушылар арасындағы жанжалдарды шешуге көмектесіп, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және қауіпсіз әрі жайлы мектеп ортасын қалыптастыруға ықпал етпек.

Мектеп медиациясы – білім беру ұйымдарында бейбітшілік пен өзара түсіністікті арттырудың маңызды құралы. Жанжалсыз орта – сапалы білім мен саналы тәрбиенің кепілі!