сенбі, 23 қараша, 2024 7:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

100 жастағы әйел ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті

100 жастағы әйел ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
ашық дереккөзі
100 жастағы әйел ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Барбадос тұрғыны 13 маусымда 100 жылдық мерейтойын атап өтіп, ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты. Лотти Джермейн Бишоп мерейтойын отбасы мен достарының ортасында өткізді. 1961 жылға дейін Бишоп жергілікті ауруханада медбике болып жұмыс істеген, содан кейін балаларға қамқорлық жасау үшін жұмыстан кеткен. Зейнеткер табиғи тағамға деген сүйіспеншілік оған ұзақ өмір сүру сыйлағады деп есептейді. «Мен тәтті картоп, ағылшын картобы, тұшпара, макарон және тұздалған балықты жақсы көремін», – деді Бишоп. Ол сондай-ақ етті аз қолданып, жүгері мен жасыл бананды көбірек жеуге кеңес берді. Әйел ұзақ өмір сүруінің тағы бір себебін белсенді өмір салты және үйде үнемі жұмыс жасаумен байланыстырады. «Менің үйіме қараңыз, мұнда бәрі менің қолыммен жасалған. Мен тіпті қабырғаларды өзім боядым», – деді ол.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар