жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

11 өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

11 өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
11 өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 3 қарашада Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Абай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жел күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с дейін жетеді. Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа ауыстырып, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ болады. Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде күші 15-20 м/с болады. Павлодар облысының оңтүстігінде түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ұлытау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар