дүйсенбі, 26 мамыр, 2025 5:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

11 мамырда Жамбыл облысында ауа райының күрт өзгеруі күтіледі

11 мамырда Жамбыл облысында ауа райының күрт өзгеруі күтіледі
Фото: Jambylinfo.kz
Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді

Түнде облыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз шығыс, оңтүстік және таулы аймақтарда найзағаймен бірге бұршақ жаууы мүмкін, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батыс бағытқа ауысады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Облыстың солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, ал батысы мен орталық өңірлерінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

"Осыған байланысты Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтап, ауа райының өзгерістеріне мұқият болу ұсынылады", - делінген хабарламада.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар