11 жасар жасөспірім қыз жыл бойы жинаған қаражатын Құлсарыға көмек ретінде берді
- авторjambylinfo.kz
- 14 сәуір, 2024
- 942
Бүгін таңертен орталық алаңға анасымен бірге келген 11 жасар Гауһар Шәймерден өзінің жыл бойы жинаған қаражатын халыққа табыстады. Ақша салынған көк қорапшаның жәнінде өзінің арнайы хаттары да бар.
“Құлсарыдан Кентауға сәлем” деп басталған хатта өзімен бірге сыныптастарының да көмек көрсетіп жатқанын айтады.
Жазбада «Мен Сіздердің ауыр жағдайларыңызды көріп, қатты уайымдадым. Сіздер қазақтың батыр ұлдары мен қыздарысыздар. Сондықтан бұл қиындықтан аман-есен өтетіндіктеріңізге сенімдімін», - деп жазылған.
Қазіргі таңда Кентау қаласында алаңға қойылған жүк көлігіне қала тұрғындары қажетті заттарды алып, азық-түлік пен қажетті тауарларды әкеліп жатыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз