11 жастағы бала айына 400 мың табыс табады
Астаналық 11 жасар стартапер Әмір Саятов Google-да жұмыс істеуді армандайды. Ол небәрі 3 жылда түрлі курстар оқып, бірнеше бағдарламалар әзірлеп үлгерген. Қазір жас өреннің айлық табысы 400 мыңға жеткен, -деп хабарлайды jambylinfo.kz. Qazaqstan.tv сілтеме жасап.
Цирлық технологияның қыр-сырын жетік меңгерген Әмірдің өнертабыстарын бағалаған «Астана HUB» ІТ өндірістік ұйымы Әмірді 10 жасында жұмысқа қабылдаған. Қазір ол бұл команияда бағдарламашы болып жұмыс істейді.
Сондай-ақ Әмір бірнеше бағдарламалар әзірлеп, әлеуметтік желілерде чат-боттар жасаған.
Жас стартапер болашақта «қазақтың Цукербергі болғым келеді» дейді.
Қазіргі таңда жас өреннің жұмысына шетелдіктер де қызығушылық танытып отырған екен.