11 жастағы баланың өкпесінен ине шықты
Ресейдің Ростов қаласындағы балалар ауруханасында дәрігерлер 11 жасар баланың осыдан екі жыл бұрын жұтып қойған инесін алып шықты.
Ине екі жыл бойы баланың өкпесінде тұрып қалған. 11 жасар ер бала ауруханаға дене қызуы көтеріліп, кеудесін ауырсынып түскен. Тексеру кезінде баланың оң жақ өкпесінде басқа зат бары анықталды.
Ер бала екі жыл бұрын тігіншілерге арналған инені жұтып қойғанын мойындады. Мұнысын ешкімге айтпаған", - делінген хабарламада.
Бір қызығы, соңғы екі жылда баланы ештеңе мазаламаған. Бірақ ине өкпені зақымдай бастайды. Қазіргі таңда ота сәтті өтіп, науқас өзін жақсы сезінуде.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстанда Жаңа жылға қатысты ерекше есімдер тізімі белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- 31 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
Жаңа жылда отшашу атқандар 74 мың теңге айыппұл арқалайды
- авторСадуақас Айсұлу
- 31 желтоқсан, 2024