Жаңалықтар
12 ақпанға арналған ауа райы болжамы: жел, боран, көктайғақ
- авторjambylinfo.kz
- 12 ақпан, 2025
- 340

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Циклон әсерінен оңтүстікте қар, ал оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауады. Таулы аймақтарда қалың қар күтіледі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Батыс пен шығыста ғана күн ашық, жауын-шашынсыз өтеді. Республика бойынша жел күшейіп, боран соғады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Астана – Күн ала бұлтты, қар жауады. Күндіз -7...-9°C. Желдің жылдамдығы түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с, түстен кейін 15-18 м/с.
Алматы – Күн ала бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +1...+3°C. Жел 2-7 м/с.
Шымкент – Күн ала бұлтты, қар аралас жаңбыр күтіледі. Күндіз +2...+4°C. Жел 5-10 м/с.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз