12 мың қазақстандық бала Ұлттық қордағы төлемінен айырылып қалды
Ұлттық Банк басшысы Тимур Сүлейменов Қазақстан азаматтығынан бас тартқан 12 мың баланың “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасымен төлем алатындар қатарынан шығарылғаны туралы ақпаратқа жауап берді.
Тимур Сүлейменов Мәжілісте “БЗЖҚ Ұлттық қордан 12 мың баланың төлемі тоқтатылғанын, ол қаражаттың басқа балалар арасында қайта бөлінген хабарлады. Балалардың атына қосымша қанша қаражат түседі” деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ұлттық Банк басшысы бағдарламадан шығарылған балалардың нақты санын білмейтінін айтты. Десе де Қазақстан азаматтығынан бас тартқан балалардың шынымен де төлем алмайтынын растады.
Оның айтуынша, егер бала басқа елге кетсе, азаматтығын өзгертсе немесе басқа себептер болса балалардың жеке шоттарына аударылған қаражат жойылуы мүмкін.