сенбі, 31 мамыр, 2025 11:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

13 мамырдан бастап «Шу-Бурылбайтал» жолы ақылы болады

13 мамырдан бастап «Шу-Бурылбайтал» жолы ақылы болады
Фото: uralskweek.kz
Ведомство мәліметінше, аталған жол учаскесі бойынша төлем жүйесі 20 жыл бойы қолданылатын болады.

13 мамырдан бастап «Шу-Бурылбайтал» жолы ақылы болады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Көлік министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 13 мамырынан бастап Шудан Бурылбайталға дейін созылып жатқан 175.8 шақырымдық жолдың бір бағытына мынадай тариф қолданылады:

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем – 1 031.75 теңге, кейінгі төлем — 1 213.41 теңге;

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін  алдын-ала төлем – 2 082.78 теңге, кейінгі төлем — 2 446.09 теңге;

32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т. дейін автопоездар үшін алдын-ала төлем – 3 114.53 теңге, кейінгі төлем — 3 659.12 теңге;

жүк көтергіштігі 10 т. жоғары және 15 т. дейінгі жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем –  4 156.12 теңге, кейінгі төлем — 4 891.8 теңге;

жүк көтергіштігі 15 т. жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін алдын-ала төлем –  5 187.88 теңге, кейінгі төлем —  6 105.21 теңге.

Көлік иелері автомобиль түріне байланысты 1-60 АЕК көлеміндегі сомаға айлық не жылдық абонемент ала алады.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар