Жаңалықтар

137 бала грантынан айырылды

137 бала грантынан айырылды

2022 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді 154 мың қазақстандық тапсырды. Емтихан қорытындылары шығарылғанымен, бейнежазбаларды тексеру әлі де жалғасып жатыр. 153 тест тапсырушының нәтижесі жойылған. Оның 137-сі білім грантының иегерлері. Биыл орташа нәтиже 66 балл болды, ал максимум – 139. ҰБТ бойынша ең төмен нәтиже көрсеткен үш өңір: Маңғыстау, Түркістан және Атырау облыстары.