жұма, 4 қазан, 2024 0:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1424-call орталығының нөмірі жақындай түсті

1424-call орталығының нөмірі жақындай түсті
ашық дереккөзі
1424-call орталығының нөмірі жақындай түсті
1424-call орталығының нөмірі жақындай түсті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлық жобасы аясында волонтерлар Тараз қаласындағы «Firkan city» ірі сауда орталығында азық-түлік және тауар өнімдерінің сыртына Агенттіктің 1424-call орталығы мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында әзірленген таратпа материалдарын орнатты. Осы бағыттағы жұмыс бұдан былай «Казпочта» бөлімшесінде де жүргізілетін болады. Қала тұрғындарына таратылатын төлем түбіртектерінде енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәтіндегі ақпарат орналастырылатын болады. Корпоративтік еріктілік бағытында жүзеге асырылған бұл бағыттағы іс-шараларды жүргізудегі мақсат – қала тұрғындарын қоғам дерті болып табылатын жемқорлыққа қарсы күреске жаппай шақыру, жемқорлық әрекет орын алған жағдайдағы іс-әрекеттерге бағыт-бағдар беру, Агенттіктің колл орталығының нөмірін танымал ету. Құрметті облыс тұрғындары, егер де Сіз қандай да бір сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылыққа тап болсаңыз, Агенттіктің 1424-call орталығына хабарласуыңызды сұраймыз! Жемқорлықты бірге жояйық!
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар