Жаңалықтар

147 қазақстандықтың атына 20-дан астам баспана тіркелген – Ләззат Ибрагимова

147 қазақстандықтың атына 20-дан астам баспана тіркелген – Ләззат Ибрагимова

Қазақстанда 5,6 млн адамның бір басында бір пәтерден бар. «Отбасы банк» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Стратегиялық бастамалар формуында осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Сондай-ақ, бір басында екіден артық баспанасы бар адамдардың құрылымына талдау жасалды. «Яғни, екіден көп пәтері бар. Оның ішінде 607 мың адамның басында екі пәтер, 84 394 адамның атында 3 жылжымайтын мүлік тіркелген. 16 509 адамның атында 4 жылжымайтын мүлік нысаны тіркелген. Бір басында 5 нысаны барлардың саны әлдеқайда аз – 4 823. 1 935 адамда 6 пәтерден бар. 742 адамда 7 пәтерден бар. Осылайша пәтер саны көбейген сайын адам саны азая түседі. Бірақ шамамен 147 адам бар, олардың атына 20-дан астам баспана тіркелген», - деді Ләззат Ибрагимова.