150-ге жуық ата-ана жауапқа тартылды
Демалыс күндері полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған жасөспірімдер жиі баратын орындарға рейд өткізді.
Тек үш күн ішінде 68 рейд жүргізіліп, оның барысында 79 кәмелетке толмаған жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізілді, 146 ата-ана мен өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапқа тартылды.
«Балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-ана міндетін тиісінше орындамағаны үшін бір заңды өкіл әкімшілік жауапқа тартылды. Түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүрген екі кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып олардың ата-анасы мен ойын-сауық мекемелерінің иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, 21 жасқа толмаған адамдарға алкоголь сатудың бес дерегі анықталды, дүкен иелері де әкімшілік жауапқа тартылды», - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандардың түнде тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін тағы 77 заңды өкілі жазаланды. Сонымен қатар, профилактикалық есепке 3 жасөспірім, 14 бала тұратын 9 қолайсыз отбасы алынып, бір заңды өкіл ата-ана құқығынан айырылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала