жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

154 жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған

154 жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған
ашық дереккөзі
154 жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған
Бүгінде таңда жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту - күнтәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Сол себепті, ҚАЖ мекемелеріндегі сотты болғандардың «екі қолына бір күрек» тауып беру қарқынды жүргізілуде. Мәселен, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі сотталғандардың 75 пайызы еңбекпен қамтылған. Нақтылай түссек, мұндағы 204 адамның 154-і жұмыс істеуге қабілетті. Жабық мекемедегі жазасын өтеуші азаматтар түрлі жеке кәсіпкерліктер мен өндіріс орындарындағы ақылы жұмыстарға орналастырылған. Айталық, «Компания Самұрық» ЖШС-да – 49, «Вилла-стройда» - 29, «Запчасть» АҚ-да – 13 және «Ержан» жеке кәсіпкерлігінде – 18, «ОРЦ Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде – 4 сотталған азамат қызмет етеді. Атап өтерлігі, жазасын өтеушілердің басым бөлігі халыққа күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарды өндірумен айналысады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар