Жаңалықтар

16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады

Австралияда әлеуметтік желілерге шектеу қойылуы мүмкін

8 қарашадағы Ұлттық министрлер кабинетінің кезекті отырысында штат пен аумақ жетекшілері лейбористердің әлеуметтік желіні пайдаланушылардың жас шектеуін белгілеу туралы бастамасын қарастырады деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
 
Премьер-министр Энтони Албанезе бұл бастама қолдау тапса, заң қабылданғаннан кейін бір жыл ішінде күшіне енетінін айтты.  
Оның пікірінше, әлеуметтік желілерге кіру жастардың психикалық денсаулығына зиян келтіреді. 
   
Заң қабылданған жағдайдың өзінде әлеуметтік желіні бұған дейін пайдаланып келген балалар одан әлі қолдана береді. Бұл ретте пайдаланушының жас шектеуіне қатысты ережені әлеуметтік желілердің өзі қадағалауы керек. Ал жеке тұлғаларға айыппұл салынбайды.