Жаңалықтар

Осы аптада қазақстандық спортшылар қандай жарыстарға қатысады?

17-23 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі

Туризм және спорт министрлігі қазақстандық спортшылардың осы аптадағы жарыстарға қатысу кестесін жариялады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
 
17-24 ақпан – үстел теннисінен Азия кубогі
Сары құрлық додасына 4 спортшымыз қатысады. 
Өтетін орны: Шэньчжэнь қ., Қытай. 
 
17-28 ақпан – әйелдер арасындағы шахматтан Гран-при жарысы (3 кезең)
Халықаралық турнирде ел намысын Бибісара Асаубаева қорғайды. 
Өтетін орны: Монако княздігі.  
 
19-23 ақпан – мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионаты
Жарыста 4 отандасымыз бақ сынайды. 
Өтетін орны: Сеул қ., Оңтүстік Корея. 
 
20-24 ақпан – жеңіл атлетикадан BakuInternational indoor Meeting devoted to Honorarycoach A. Antipov турнирі 
Бакудегі бәсекеде 5 спортшымыз жарыс жолына шығады. 
Өтетін орны: Баку қ., Әзербайжан. 
 
20 ақпан – 01 наурыз – семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты
Бұл сында ел намысын 24 спортшы қорғайды. 
Өтетін орны: Әл-Кувейт, Кувейт. 
 
20-23 ақпан – ересектер арасында «Құсбегілік»ұлттық спортынан XVIII ҚР чемпионаты
Жарысқа барлық облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 70-тен аса спортшы қатысады. 
Өтетін орны: Петропавл қ.  

20-25 ақпан – пара дзюдодан Германия ашық чемпионаты
Бұл жарыста отандық 10 пара спортшы сынға түседі.   
Өтетін орны: Гейдельберг қ., Германия.  
 
21-22 ақпан – ашық суда жүзуден Әлем кубогі(1-тур) 
Кубок жарысында 4 отандасымыз жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Хургада қ., Мысыр
 
21-27 ақпан – Пара велотректен Азия чемпионаты
Азия біріншілігіне Қазақстаннан 5 паравелошабандоз қатысады.
Өтетін орны: Нилай қ., Малайзия.