17 жыл бойы құлдықта болған әпкелі-сіңлілер бір жылда адам танымастай өзгерді
Қыздар әдемі фотстудияда фотосессия жасаған
«Көреміз» бағдарламасының жүргізушісі Руслан Өтепбай Түркістан облысында 17 жыл бойы туған ағасында құлдықта болған әпкелі-сіңлі Құндыз бен Назгүлдің бүгінгі таңдағы тыныс-тіргшілігін көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еске салайық, осыдан бір жыл бұрын Түркістан облысында бір анадан туған қыздар ұзақ уақыт бойы туысқандарының қолында еңбек құлдығында анықталған. Қоғамды дүр сілкіндірген оқиға республикалық телеарна арқылы елге көрсетілген. Міне содан бері әпкелі-сіңлілерді Руслан Өтепбай өз қамқорлығына алған.