Жаңалықтар

170 млн теңге аса ірі мөлшерде пара алған

Астанадағы құрылыс компаниясының басшысы он жылға сотталды

"Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС Бас директоры Кадесов пен азамат Давлетовке қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды 

Сот үкімі бойынша құрылыс компаниясының басшысы он жылға бас бостандығынан айырылған. Ал Давлетовке 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар сот Кадесовтің мүлкін құны пара сомасына тең төрт автокөлік құралы түрінде тәркіледі. Осылайша, мемлекетке 170 млн теңге мөлшерінде пара сомасы өндірілді.