Жаңалықтар

18 наурыз - Сайлау алдындағы тыныштық күні

18 наурыз - Сайлау алдындағы тыныштық күні

Бұл күні заң бойынша сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады.

19 наурызда елімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихат депутаттарын Сайлау күні. Сайлау күні учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Ертең «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы таңғы 07:00-ден түнгі 02:00-ге дейін әр сағаттың басында тікелей эфирде ақпарат таратады. Сондай-ақ «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түрлі саладағы 2 мыңға жуық адамның қатысуымен «Сайлау-2023» 16 сағаттық онлайн марафонын өткізеді.