Жаңалықтар

180 отандасымыз Меккеге барамыз деп алданып қалды

«Жазира Travel» атты турфирма екі жүзге тарта азаматты Меккеге апарамыз деп уәдесінде тұрмаған

180 қазақстандық Меккеге барамыз деп алданып қалды. «Жазира Travel» атты турфирма екі жүзге тарта азаматты Меккеге апарамыз деп уәдесінде тұрмаған. Енді жер-жерден жиналған азаматтар не қаржысын қайтара алмай, не Меккеге бара алмай отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Qaz365kz сілтеме жасап. 

«19-20 қаңтарда Меккеге ұшуымыз керек болған. Екі топта 240 адам болған. Виза, билет дайындамаған. Бәрімізді алдап отыр. Әр адамнан 450-500 мың теңге алған. Ақша жоқ», - дейді азаматтар.

Ал турфирма иесі Мейіржан Рыскелдиев ақшаны қайтаратынын, сотталуды мақсат тұтпайтынын жеткізген.