Жаңалықтар

19-20 наурыз күндері дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі

19-20 наурыз күндері дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі

Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мейрамын ағымдағы жылдың  21 наурызында облыс көлемінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып атап өту жоспарланған. Осыған байланысты, Тараз қаласы аумағындағы мереке қарсаңында іс-шаралар аталып өтетін орындарды наурыз айының        19-20 күндері дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Мерекелік іс-шаралар өтетін орындар:

  • «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені,
  • «Жастар» аллеясы,
  • Қ.Рысқұлбеков саябағы,
  • «Баласағұн» орталық концерт залының алды,
  • Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы,
  • «Қазақ халқына мың алғыс» монументі,
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің саябағы,
  • Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің алды (Домалақ ана көшесі, №268),
  • Жамбыл медициналық жоғары колледжінің алды (Ниетқалиев көшесі, №20),
  • №55 орта мектебі («Шөлдала  алқабы» Құмшағал көшесі, №4),
  • №29 орта мектебі (Пірманов көшесі, №138),
  • «Даңқ» аллеясы («Қант зауыты» алқабы, Сорокин және Өтеген батыр көшелерінің қиылысы),
  • «Ұлан» стадионы,
  • Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайы.