дүйсенбі, 23 маусым, 2025 4:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

19 маусым – Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрылған күні

19 маусым – Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрылған күні
Фото: Қорғаныс министрлігі
Қазақстанның әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне – 33 жыл

1992 жылғы 19 маусымда Қазақстанда әуе шабуылынан қорғану мақсатында арнайы әскери құрылым – Әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) әскерлері құрылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл құрылым Қорғаныс министрінің директивасына сәйкес жасақталып, оның құрамына зениттік-зымыран, радиотехникалық, авиациялық бөлімдер мен басқа да қосалқы әскери бөлімшелер енді.

Бұл әскердің қалыптасуына армия генералы Мұхтар Алтынбаев және басқа да жоғары шенді әскери басшылар атсалысты. 1998 жылдан бастап ӘШҚҚ әскерлері Әуе қорғанысы күштерінің құрамына кірді.

Уақыт өте келе соғыс тәсілдері өзгеріп, ұшқышсыз аппараттар мен жаңа қауіптерге қарсы тұру қажеттілігі туындады. Осыған байланысты қорғаныс құрылымы жетілдіріліп, заманауи техникалармен жабдықталуда. Шағын дрондардан қорғау үшін арнайы бөлімшелер құрылып, ескі техника жаңартылып жатыр.

Қазіргі таңда әуе шабуылына қарсы қорғанысты бірнеше әскери құрылым бірлесіп қамтамасыз етеді. Негізгі күш – зениттік-зымыран және радиотехникалық әскерлерде. Олар «Бук-М2Э», «Тор-М2К» зымыран кешендерімен, GM-403 «Нұр» және «Роса-РБ» радиолокациялық станцияларымен жабдықталған.

ӘШҚҚ әскерлері «Әуе кілттері», «Ашық аспан», «Жауынгерлік достастық» сияқты халықаралық жаттығуларға тұрақты қатысып келеді. Қару-жарақты жөндеу және жаңғырту жұмыстары отандық қорғаныс кәсіпорындарында жүргізілуде.

Қорғаныс министрлігі қазіргі заманғы қауіптерге қарсы тұру үшін басқару, барлау және байланыс жүйелерін жетілдіру жұмыстарын жалғастырып отыр.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар