19 шілдеде eGov және мемлекеттік қызметтер уақытша жұмыс істемейді
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 шілде, 2025
- 478
Жөндеу жұмыстары түнгі сағат 02:00-ден таңғы 08:00-ге дейін жалғасады. Бұл уақыт аралығы азаматтардың белсенділігі ең төмен кезеңге сай таңдалған, сондықтан келтірілетін қолайсыздықтар барынша аз болады деп күтіліп отыр.
Аталған уақыт ішінде келесі мемлекеттік электрондық сервистер уақытша қолжетімсіз болады:
eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасы (оның ішінде «Цифрлық құжаттар» сервисі);
e-Otinish және E-license порталдары, сондай-ақ «Ашық үкімет» жүйелері;
ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (НУЦ РК) қызметтері;
«ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін басқа да жобалар;
Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің және басқа да жүйелердің мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.
Ресми мәлімдемеде техникалық жұмыстар кезінде қажет болуы мүмкін құжаттардың түпнұсқаларын алдын ала дайындап, маңызды операцияларды ертерек аяқтау ұсынылған.






