Жаңалықтар

19 жастағы жігіт 2 жасар ұлды бір ажалдан аман алып қалды

19 жастағы жігіт 2 жасар ұлды бір ажалдан аман алып қалды

Бүлдіршін "Алтынбұлақ" ТК-нің 7-ші қабатынан құлап кете жаздаған. ⠀ Куәгерлердің сөзінше, баланың басы екі темір тордың арасында қысылып қалып, денесі ауада салбырап тұрған. ⠀ Ерасыл Махмұт есімді азамат Абай атындағы педагогикалық университеттің дене шынықтыру факультетінде оқиды. ⠀ Ол бар күшімен торды ұстап тұрған балаға көмекке келіп, қиын жағдайдан аман-есен шығуға көмектескен. Айта кетейік, оқиға Алматы қаласында болды. Құрметті ата-аналар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.