Жаңалықтар

«2,5 жыл қатты ауырды»: Нұрсұлтан Назарбаев інісін ақтық сапарға шығарып салды

«2,5 жыл қатты ауырды»: Нұрсұлтан Назарбаев інісін ақтық сапарға шығарып салды

Ауыр науқастан көз жұмған Болат Назарбаевты халық Алматы облысында ақтық сапарға шығарып салды. Жаназаға Қазақстанның бірінші президенті пен Үкімет басшысы қатысып, жамағаттың алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Нұрсұлтан Назарбаев інісінің жомарт, ақкөңіл жақсы адам болғанын айтты. Оның сөзінше, Болат Назарбаев қайырымдыдықпен көп айналысқан, мешіт салдырып, мектепке көмектескен. Тәуелсіздіктің отыз жылдығында жасалған жұмыстарға да атсалысқан. Айналасындағы адамдарға,  көмек сұраған жандарға қол ұшын берген. Оның өмірде қателескен кездері болса кешіріммен қарауды сұрап, соңғы екі жарым жыл қатты ауырғанын айтты.

Шамалған ауылында өзінің үйінде өткен жаназаға бірнеше мың адам келді. Қазаға ортақтасып, көңіл айтуға Ермұхамет Ертісбаев, Амандық Баталов, Нұртай Әбіқаев пен Алик Шпекбаев сынды көптеген саяси және қоғам қайраткерлері келді. Өнер қайраткерлерінің арасында Біржан Хасанғалиев жүрді. Жаназаның алдында Үкімет басшысы да сөз сөйлеп, қазалы әулетке көңіл айтты. Алматы облысының наиб имамы уағыз айтып, елден марқұмның жақсы адам болғанын және қателіктері болса кешірім берулерін сұрады