дүйсенбі, 27 сәуір, 2026 18:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«2 жылға сотталды»: Астанада блогер жұп Жанабыловтарға үкім шықты

«2 жылға сотталды»: Астанада блогер жұп Жанабыловтарға үкім шықты
фото: әлеуметтік желіден
Бұл қылмыстық іске нүкте қойылды.

Астанада блогер жұп Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот үкімі жарияланды. Іс қоғамда қызу талқыланып, көпшіліктің назарын аударған болатын, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сот үкімімен Ерболат Жанабылов 2 жылға шартты түрде сотталып, мүлкі тәркіленді. Ал Эльмира Төлегеноваға 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы жазасы тағайындалып, өтеу мерзімі 2 жылға шегерілді.

Сотта тараптар процессуалдық келісімге келгені ескерілді. Айыпталушылар курстарды сатудан түскен 247 млн теңгені толық өтеген. Бұған дейін прокурор оларға 4 жыл жаза сұраған еді.

Тергеу дерегінше, блогерлер жүлделерді өздері қаржыландырғандай көрсетіп, іс жүзінде қаражатты қатысушылардан жинаған.

Айта кетейік, сот процесі 16 наурызда басталып, бүгін өз шешімін тапты.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар