Жаңалықтар

Ақша үшін сүйіктісін өлтіріп, тонаған әскери қызметші 11 жылға сотталды

Ақмола облысында келісім-шарт бойынша әскери қызметте болған 20 жастағы тұрғын букмекерлік кеңселердегі қарызын өтеу үшін сүйіктісін өлтіріп, тонап кеткен.

Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 

күдікті сүйіктісіне 200 мың теңге несие алып беруін сұраған. Бірақ жәбірленуші оның бұл өтінішін орындаудан бас тартқан. Салдарынан, жігіт оны жастықпен тұншықтырып өлтіріп, денесін су толтырылған ваннаға салып кеткен. 

Сот шешімі бойынша күдікті қылмыскер ретінде танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сейділдаева Айнура 

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті