дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

200 миллион қаражатты жымқырған: Перизат Қайраттың тағы бір заңсыз әрекеті анықталды

200 миллион қаражатты жымқырған: Перизат Қайраттың тағы бір заңсыз әрекеті анықталды
Ашықдереккөз
Бұл ақпарат туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Күдікті Перизат Қайраттың тағы бір қылмысы әшкере болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2023 жылдың қараша айында ол Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырған. Перизат желтоқсан айында аталған көмек қаражат есебінен Sensata Plaza элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic жаңа автокөлігін өзіне сатып алған.

Сондай-ақ қаражаттың қалған бөлігін БАӘ-де Rolex, Prada және Fendi брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алған. Бұл жағдай бойынша Перизат Қайрат 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдікке ілінді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар