жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 8:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«2000 мектеп» жолшылар жобасы сәтті жүзеге асуда

«2000 мектеп» жолшылар жобасы сәтті жүзеге асуда
ашық дереккөзі
«2000 мектеп» жолшылар жобасы сәтті жүзеге асуда
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» бастамасымен сәтті жүзеге асқан «2000 мектеп» жобасы оқушыларға жолшы мамандығының маңызын түсіндіруде айрықша рөл атқарады. «1000 мектеп» жобасының заңды жалғасы боп саналатын бұл жоба аясында өңір-өңірдегі жолшылар әрбір білім ұясына бас сұғып, жасөспірімдердің осы іске қызығушылығын оятуда. Бұл саладағы кадр тапшылығын ескерген инженерлер жолшы мамандығын таңдаған жерде қалмайтынын да баса айтуда. Өйткені қазіргі еңбек нарығында бұл мамандар әрдайым сұранысқа ие. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» өңірлік филиалының қызметкерлері облыстық білім басқармасына қарасты білім ошақтарының оқушыларымен өткен онлайн кездесуде осылай деді. «ZOOM» платформасы арқылы кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған онлайн басқосуда болашақ студенттерге филиалдың жетекші сарапшысы Жұмахан Шәкірбаев саланың қыр-сырын түсіндіріп, әріптесі болуға шақырды.  width= - Қазіргі таңда жол саласында мамандар жетіспейді. Сол себепті, біз мектеп оқушыларымен кездесіп, осы салаға деген қызығушылығын арттыруға күш салып жатырмыз. Нәтижеде бар. Мәселен, облыс орталығындағы бірнеше білім ошағындағы түлектер болашақта осы салада жұмыс істеуге ниетті. Жалпы, қазіргі таңда мемлекет тарапынан гуманитарлық мамандықтардан гөрі техникалық мамандықтарға көптеп көңіл бөлінуде. Сондықтан, жолшы мамандығын таңдаған жастар қашанда сұранысқа ие болмақ, - деді Ж.Шәкірбаев. Айта кетейік, бүгінде Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде жолшы мамандығында білім алушылардың саны артып келеді. Студенттер Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» өңірлік филиалында 6 айлық тағылымдамадан өтіп, аға буын өкілдерінен тәлім алуда. Ал, бұл кезеңде білімгерлерге белгіленген мөлшерде ақы да төленеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар