2020 жылы 5 миллион адам миллионер атанды
2020 жылы 5 миллион адам миллионер атанды
Covid-19 пандемиясынан болған экономикалық залалға қарамастан, 2020 жылы 5 миллионнан астам адам миллионер атанды. Швейцарияның Credit Suisse қаржы конгломератының жыл сайынғы Global Wealth Report есебіне сәйкес, әлемдегі миллионерлер саны 2020 жылы 56 миллионнан асты. Пандемия жылы адамдардың 1 пайызынан астамы байыды. Активтері 50 миллион доллардан асатын ауқаттылардың саны 24 пайызға артып, 2003 жылдан бергі ең жоғары өсім болды. Банк сарапшылары әлемдік әл-ауқат 2020 жылдың соңына қарай 418,3 трлн долларға жетіп, 7,4 пайызға өскенін атап өтті. Сонымен қатар жан басына шаққанда ол 6 пайызға артып, 79,9 мың долларға жетті. Әлемдік экономикаға дамыған елдердің үкіметтері мен орталық банктерінің іс-қимылдары, яғни жаһандық қаржы дағдарысы кезінде қателіктерді болдырмау мақсатында екі бағыт бойынша алдын алу шараларын қабылдағаны – халық пен бизнесті қолдау үшін ауқымды ақша құюды ұйымдастырғаны, сондай-ақ пайыздық мөлшерлемелерді төмендеткені әсер еткен.