Жаңалықтар

2022 жылы 719 бала жыныстық қол сұғушылық қылмысының құрбаны болды

2022 жылы 719 бала жыныстық қол сұғушылық қылмысының құрбаны болды

2022 жылы 719 бала жыныстық қол сұғушылық қылмысының құрбаны болды. Мұндай дерек «Ашық» НҚА порталында жарияланған 2023-2025 жылдарға арналған «Бала қорғау» кешенді жоспарында келтірілген, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. «2022 жылы кәмелетке толмаған 719 бала (2020 жылы – 833, 2021 жылы – 920) жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың құрбаны болды. Жыныстық қол сұғылмаушылыққа қатысты қылмыстардың өсуі Павлодар облысында 57 (23-тен 36-ға дейін), Ақтөбе облысында 48 (21-ден 31-ге дейін), Маңғыстау облысында 9 (32-ден 35-ке дейін), Солтүстік Қазақстан облысында 6 (31-ден 33-ке дейін) және Алматы қаласында 15 пайыз (46-дан 53-ке дейін) өскені байқалады», - делінген құжатта. Жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың ең көп саны Алматы (87), Қарағанды (70) және Түркістан облыстарында (63) тіркелген. «Барлығы 3 жыл ішінде жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы 2 472 қылмыс жасалды. Сонымен қатар, Ішкі істер органдарының есебінде 9 мыңға жуық қолайсыз отбасы тұр, онда 12 мыңнан астам бала тәрбиеленуде», - делінген кешенді жоспарда.