Жаңалықтар

2022 жылы Қазақстанда 17,7 мың жұп ажырасқан

2022 жылы Қазақстанда 17,7 мың жұп ажырасқан

2022 жылы Қазақстанда қанша жұп үйленіп, қанша жұп ажырасты Ұлттық статистика бюросы 2022 жылы қазақстандықтардың ажырасуы мен некелесуі туралы мәліметті жариялады. 2022 жылдың соңында Қазақстанда 128,5 мың неке тіркелген. «2021 жылмен салыстырғанда некелесу 8,4% төмендеді. АХАЖ мәліметтері бойынша, осы аралықта 17,7 мың жұп ажырасқан. Бұл 2021 жылғыдан 8,1% аз», - делінген Бюро таратқан мәліметте. 2016 жылы 51 мың 482 жұп ажырасуға өтініш білдірсе, 2014 жылы – 52 мың 673 жұп, 2015 жылы ажырасқан жұптар саны 53 мың 393 болды. Ажырасу көрсеткішінің шарықтау шегі 2019 жылы тіркелді, ол кезде 59 796 жұп некесін бұзды. Антирейтингті Алматы қаласы бастап тұр - 66 мың 426 жұп ажырасқан, Қарағанды облысында – 56 мың 775 жұп, Шығыс Қазақстан облысында - 51 мың 768 жұп ажырасуға арыз берген. Ажырасу ең аз тіркелген өңір – Атырау облысы: 16 221 жұп. Маңғыстау облысында 17 мың 509 жұп ажырасқан. Қызылорда облысында -18 мың 572 жұп.