Жаңалықтар

2022 жылы Қазақстандықтар Түркиядан 2,7 мың түрғын үй сатып алған

2022 жылы Қазақстандықтар Түркиядан 2,7 мың түрғын үй сатып алған

LS агенттігінің жазуынша, былтыр Қазақстан азаматтары Түркиядан 2,7 мың тұрғын үй сатып алған. Ең жоғары белсенділік сәуірде (311 бірлік) және маусымда (318 бірлік) байқалыпты. Түркия құзырлы органдарының ресми статистикасы бойынша тұрғын үй сатып алу бойынша 2022 жылы Қазақстан Германиядан кейін бесінші орынға орнықты. Көшбасшылардың үштігіне Ресей (16,3 мың), Иран (8,2 мың), Ирак (6,2 мың) кіреді. Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар Түркиядағы 48 нысанды декларациялады. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Түркияға тұрақты тұруға 85 адам кеткен. Түркиядан көшіп келгендер саны 171 адам. Дереккөз: Ұлысмедиа ақпарат агенттігінен