Жаңалықтар
2022 жылы балабақшаларды қаржыландырудың ваучерлі механизмі енгізіледі
- авторjambylinfo.kz
- 11 наурыз, 2021
- 203
2022 жылы балабақшаларды қаржыландырудың ваучерлі механизмі енгізіледі
2022 жылы мектепке дейінгі білім беруді қаржыландырудың ваучерлі механизмі жаппай енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Білім және ғылым министрлігі 2021 жылғы желтоқсанға дейін мектепке дейінгі білім беруді қаржыландырудың ваучерлі механизмін енгізу бойынша пилоттық жобаны аяқтасын және 2022 жылдан бастап оны жаппай енгізуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте балабақшалардың жұмысы ата-аналардың қанағаттану деңгейін, балалардың даму көрсеткіштерін, тамақтану сапасын, қоғамның бағасын ескере отырып бағалануы керек», - деді Үкімет басшысы.
Осыған байланысты Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігіне 2021 жылғы 1 сәуірге дейін балабақшалар жұмысы сапасының әлемдік тәжірибеде қабылданған көрсеткіштерін бекітуді және енгізуді тапсырды.
«Әкімдіктер 2021 жылы жеке балабақшалар желісін дамыту арқылы 32 мың орынға дейін ашу бойынша жұмыс жүргізсін», - деді Премьер-Министр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Білім гранттарының саны 50 пайызға артады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024