Жаңалықтар
2023 ЖЫЛҒЫ 17-19 МАМЫР КҮНДЕРІ МЕРКІ АУДАНЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ
- авторjambylinfo.kz
- 19 мамыр, 2023
- 284
2023 ЖЫЛҒЫ 17-19 МАМЫР КҮНДЕРІ МЕРКІ АУДАНЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ
Ағымдағы жылдың 17-19 мамыр күндері Меркі ауданында облыс тұрғындарының экономикалық әлеуметтік жағдайын көтеру, ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген түйіткілді мәселелеріне ден қою және этносарылық татулықты сақтау мақсатында «Бейбітшілік пен келісім» жобасының жұмыс топтары жоспарлы жұмыстарын жүргізді.
Жоба барысында – әр түрлі сала мамандары тұрғындармен кездесіп, кәсіби кеңестер береді, заң аясында қолдау көрсеті. Жұмыс топтарының құрамында облыс аумағындағы құқық қорғау органдарының, ішкі саясат, мәдениет, білім, спорт, дін, тілдерді дамыту, жастар, жұмыспен қамту, ветеринария, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, табиғи ресурстар басқармаларының өкілдері қабылдаулар жүргізілді.
Жоба аясында құрылған жұмысшы топтар бекітілген кестеге сәйкес Сарымолдаев, Андас батыр, Меркі, Т. Рысқұлов, Ойтал, Кеңес, Жамбыл, Аспара, Тәтті, Ақтоған, Ақарал, Ақермен елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті.
«Этносаралық және конфессияаралық келісім» (І топ) және «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту» (ІІ топ) жұмысшы топтары өз бағыттары бойынша ауданда – 42 іс-шара (1-топ 25 іс-шара, ІІ-топ 17 іс-шара) ұйымдастырып, барлығы – 1 722 адамды (1- топ – 692 адам, 2-топ – 1 030 адам) қамтыды.
Оның ішінде 20 – кездесу, 13 – қоғамдық қабылдау, 4 – үгіт-насихат, түсіндіру, 2 – семинар-тренинг, 3 – зерттеу іс-шаралар өткізді.
Ал, сағат 14.00-де қорытынды актив жиыны жауапты мемлекеттік орган басшылығымен және жұмысшы топтардың қатысуымен өткізілді. Жиында жоба кезінде аудан тұрғындары көтерген түйткілді мәселелердің шешілуі бойынша түсіндірмелер берілді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз